settings icon
share icon
Сұрақ

Киелі кітапта ондықты беру туралы не айтылған?

Qazaq

Жауап


Осы тақырып көптеген сенушілердің жүрегінде күрес тудырады. Қауымдардың көбісі ондықты беру жағынан сенушілерге тым қатаң талаптар қояды. Сонымен бірге көптеген мәсіхшілер Киелі кітаптағы ондық беру туралы нұсқауларға бағынғысы келмейді. Құдайға ондықты немесе құрбандықты беру игі әрі баталы іс болғандықтан сенушілер осыны қуанышпен істеу керек. Өкінішке орай, бүгінгі қауымдарда сенушілердің барлығы осыны шаттана істеп жүр деп айту қиын.

Ондықты беру Көне келісімнен келген түсінік. Сол замандағы заң бойынша еврейлер табыстарының ондық бөлшегін Құдайдың ғибатханасына тарту ретінде бағыштайтын (Леуілік. 27:30; Ру. санау 18:26; Заң. қайтал. 14:24; Шежіре. 2-жазба 31:5). Кейбір адамдар Көне келісімдегі ондықты діни қызметкерлер мен леуіліктердің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жиналған салық деп санайды. Жаңа келісімнің еш жерінде «мәсіхшілер ондықты жүйелі түрде беруге тиіс» деген бұйрық жоқ. Алайда Пауыл сенушілерге табыстарының бір бөлігін қауымды қолдау үшін жұмсауға нұсқау берген (Қорынт. 1-хат 16:1-2).

Жаңа келісімнің еш жерінде арнайы пайыз туралы айтылмайды. Табыстың Құдайға бағышталатын көлемі жайлы: «Әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан бөлектеп, сақтап қойыңдар» - деп қана айтылған (Қорынт. 1-хат 16:2). Сенушілердің қауымдары Көне келісімдегі он пайызды «ең аз дегенде берілуге тиіс көлем» деп қабылдап, осы өлшемді тұрақты пайдаланатын болды. Жаңа келісімде құрбандықтың нақты көлемі туралы айтылмағанымен, қуанышпен берудің маңыздылығы мен пайдасы туралы айтылады. Сенушілер «жағдайларына қарай қолдағы қаражаттарынан бөлектеп», қауымға беру керек. Кейде он пайыздан көп берілсе, басқа кезде он пайыздан аз берілуі мүмкін. Бұл мәсіхшінің жағдайына немесе қауымның мұқтаждықтарына байланысты. Әр сенуші мінажат етіп, өзінің қанша беру керек екені жайлы Құдайдан даналық сұрау керек (Жақып. хаты 1:5). «Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады» (Қорынт. 2-хат 9:7).

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Киелі кітапта ондықты беру туралы не айтылған?
© Copyright Got Questions Ministries