Тәубеге келу мінажаты деген не?




Сұрақ: Тәубеге келу мінажаты деген не?

Жауап:
Өзінің күнәкар екенін және Құтқарушыға мұқтаж екенін түсінген адамның Құдайға сиынуы тәубеге келу мінажаты деп аталады. Алайда әншейін мінажат ету өзінен өзі сізге құтқарылу бермейді. Сіз өзіңіздің күнәкар екеніңізді мойындап, күнәларыңызға шын жүректен өкініп, құтқарылуға мұқтаж екеніңізді түсінген кезде ғана құтқарыласыз.

Тәубеге келу мінажатының бірінші қадамы – бәріміздің күнәлы екенімізді мойындау. Римдіктерге арналған хаттың 3:10-аятында: «Бірде-бір әділ кісі жоқ» деп жазылған. Киелі кітапта біздің барлығымыздың күнәға батқанымыз анық айтылған. Барлығымыз күнәкар болғандықтан біз Құдайдың кешірімі мен рақымына мұқтажбыз (Тит. хат 3:5-7). Біз күнәларымызға бола мәңгі-бақи жазалануға лайықтымыз (Матай 25:46). Яғни мінажат еткенде біз Құдайдан Оның бізді жазалауын емес, бізге рақым еткенін жалбарынып сұраймыз. Сонда біз Жаратушының қаһарынан құтылып, Оның мейіріміне ие боламыз.

Мінажаттың екінші қадамы – Құдайдың бізді сол нашар жағдайдан құтқару үшін не істегенін түсіну. Құдай адамға, яғни Иса Мәсіхке айналып, осы әлемге келді (Жохан 1:1,14). Иса бізге Құдай туралы шындықты түсіндіріп, біздің арамызда әділ әрі күнәсыз өмір сүрді (Жохан 8:46; Қорынт. 2-хат 5:21). Ол бізге арналған жазаны Өз мойнына артып, біздің орнымызда айқышта жанын қиды (Рим. хат 5:8). Кейін Иса өлімнен қайта тіріліп, осы арқылы өлімді, күнәны және тозақты жеңгенін дәлелдеді (Колос. хат 2:15; Қорынт. 1-хат 15). Исаның осы игі істерінің арқасында біздің күнәларымыз кешіріліп, біз Оған артқан сеніміміз арқылы жұмақтағы уәде етілген мәңгілік өмірге ие боламыз. Ал бізден талап етілетіні мынау ғана: Оның біздің орнымызда өліп, қайта тірілгеніне сену (Рим. хат 10:9-10). Біз Исаға сенім арту арқылы, яғни Құдайдың рақымымен ғана құтқарыла аламыз. Ефестіктерге арналған хаттың 2:8-аятында былай жазылған: «Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл - өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.»

Тәубеге келу мінажатын айту арқылы сіз Иса Мәсіхті Құтқарушыңыз деп қабылдағаныңызды Құдайға хабарлаймыз. Құтқарылу үшін ешқандай «сиқыр» сөздің қажеті жоқ. Біз Иса Мәсіхтің өліп қайта тірілгеніне сену арқылы ғана құтқарыла алады! Егер сіз өзіңіздің күнәкар екеніңізді және Иса Мәсіх арқылы берілетін құтқарылуға мұқтаж екеніңізді мойындасаңыз, онда Құдайға мына тәубеге келу мінажатын айтыңыз: «Құдайым, мен өзімнің күнәкар екенімді мойындаймын. Мен күнәларымның зардабын шегуге тиісті екенімді білемін. Алайда мен Иса Мәсіхті Ием әрі Құтқарушым деп қабылдап, Оған сенімімді артамын. Оның өлімі мен қайта тірілуі арқылы кешірілгеніме сенемін. Мені кешіріп, құтқарғаныңа рахмет, Жаратушы Ием! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Тәубеге келу мінажаты деген не?