settings icon
share icon
Сұрақ

Қабылдың әйелі кім болған? Қабылдың әйелі оның қарындасы болды ма?

Qazaq

Жауап


Киелі кітапта Қабылдың әйелінің кім болғаны анықтап айтылмаған. Осының ең ықтимал жауабы мынандай болар: Қабылдың әйелі не оның туған қарындасы не жиен қарындасы болған шығар. Әбілді өлтірген кезде Қабылдың неше жаста болғаны да Киелі кітапта айтылмаған (Жаратылыс. баст. 4:8). Екеуі де ер жетіп, шаруашы болғандықтан олардың өз отбасылары болған шығар. Әбіл өлтірілген кезде Адам ата мен Хауа ананың басқа балалары да бар болса керек (Жаратылыс. баст. 5:4). Қабыл Әбілді өлтіргеннен кейін өзінің өмірі үшін қорқып, жанын сақтағысы келіп, қашып кетпекші болды (Жаратылыс. баст. 4:14). Осы жағдай да Адам ата мен Хауа ананың көптеген басқа балаларының бар болғанына меңзейді. Қабылдың әйелі (Жаратылыс. баст. 4:17) Адам ата мен Хауа ананың не қызы, не немересі болған.

Адам ата мен Хауа ана алғашқы адамдар болғандықтан олардың балаларына бір-біріне үйленуге тура келді. Алғашқыда Құдай осыған тыйым салмады, бірақ адамдардың саны көбейгеннен кейін осылай некелесудің қажеті жоқ болды (Леуілік. 18:6-18). Жақын туысқандардың (мысалы бірдей ата-анадан туылған ағайындылардың) арасында болған жыныстық қатынастан жиі кемтар балалар туылады, өйткені ата-ананың екеуінде де бірдей генетикалық кемшіліктер болуы мүмкін. Ал әр түрлі отбасылардан шыққан адамдар бір-біріне үйленген кезде оларда бірдей генетикалық кемшіліктер әдетте болмайды. Адамдардың генетикалық кодтары ғасырлар бойы бүлініп, олардың кемшіліктері көбейіп әрі күшейіп, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Адам ата мен Хауа ана ең алғашқы адамдар болғандықтан олардың ешқандай генетикалық кемшіліктері болған жоқ. Олардың балаларында аз ғана кемшіліктер болған, сондықтан олар бір-біріне үйлене алды. Қабылдың өзінің қарындасына үйленгені оғаш, тіпті жіркенішті нәрсе болып көрінуі мүмкін. Құдай ең алғашқыда бір еркек пен бір әйелді ғана жаратқандықтан олардың балаларына бір-біріне үйленуден басқа амал болмаған.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Қабылдың әйелі кім болған? Қабылдың әйелі оның қарындасы болды ма?
© Copyright Got Questions Ministries