settings icon
share icon
Сұрақ

Адам сенім арқылы ғана құтқарылады ма әлде сенімге қоса игі істер жасау керек пе?

Qazaq

Жауап


Бұл сауал мәсіхшілік теологияның ең маңызды тақырыбы болар. Осы сұрақ Реформация қозғалысының пайда болуына себеп болды, осы қозғалыстың нәтижесінде мәсіхшілік қауым протестанттар мен католиктерге бөлініп кетті. Киелі кітаптағы ақиқатқа негізделген шынайы мәсіхшілік пен «мәсіхшілік» секталардың айырмашылығы осы сауал арқылы көрінеді. Адам сенім арқылы ғана құтқарылады ма әлде сенімге қоса игі істер жасау керек? Мен Исаға сенім арту арқылы ғана құтқарыламын ба әлде Исаға сенім артқаныма қоса бір арнайы істер жасауға тиістімін бе?

Біз Киелі кітаптағы кейбір үзінділерді оқыған кезде сенім мен игі істер туралы осы тақырып қиындай түседі. Мына екі үзіндіні: Рим. хат 3:28, Ғалат. хат 3:1 мына үзіндімен: Жақып. хаты 3:24 салыстырып көрейік. Пауыл мен Жақыптың пайымдауларының арасындағы айырмашылықты байқайық (Пауыл пікірі: «адам сенім арқылы ғана құтқарылады», ал Жақыптың пікірі: «құтқарылу үшін сеніммен қоса игі істер қажет»). Алайда негізінде осы екі елшінің арасында сенім мен игі істер жайлы ешқандай келіспеушілік жоқ болса да, кейбір адамдарға келіспеушілік бар болып көрінеді. Пауыл адам сенім арқылы ғана ақталады десе (Ефес. хат 2:8-9), Жақып сенімге қоса игі істер қажет деп айтқандай болып көрінеді. Осыдан пайда болған мәселені Жақыптың сөздерін мұқият сараптау арқылы шешуге болады. Жақып адам игі істер жасамай-ақ сенуші бола алады деген пікірді жоққа шығарады (Жақып. хаты 2:17-18). Демек Жақыптың баса айтқаны мынау: адамның Мәсіхке деген сенімі шынайы болса, онда оның өмірі түбегейлі өзгеріп, игі істерге толады (Жақып. хаты 2:20-26). Жақып адам сенім және игі істер арқылы ақталады деп айтып тұрған жоқ, оның сөзінің мағынасы мынандай: сенім арқылы шынымен ақталған адам міндетті түрде өз еркімен игі істер жасайтын болады. Ал егер адам өзін сенушімін деп атай тұра өмірінде ешқандай игі істер жасамаса, онда оның Мәсіхке деген сенімі шынайы емес болғаны (Жақып. хаты 2:14,17,20,26).

Пауыл да өзінің жазбаларында осыны айтады. Сенушінің өмірінде көрінетін жемістердің (яғни игіліктердің) тізімі Ғалат. хат 5:22-23 аяттарында көрсетілген. Пауыл біздің игі істер емес, сенім арқылы құтқарылғанымызды жариялап барып (Ефес. хат 2:8-9), біздің игі істер жасау үшін жаратылғанымызды айтады (Ефес. хат 2:10). Жақып сияқты Пауыл да адамның өмірінің өзгергенін күтеді: «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланысса, сол – жаңадан жаратылған адам. Ескі өмір өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!» (Қорынт. 2-хат 5:17). Осыдан шығатын қорытынды мынандай: Жақып пен Пауылдың арасында құтқарылу жолы жайлы келіспеушілік жоқ. Олар бірдей тақырыпты әр түрлі тұрғыдан қарастырады. Паул адамның Құдай алдында сенім арқылы ғана ақталатынын айтады, ал Жақып Мәсіхке сенген адамның міндетті түрде игі істер жасатайтынын жариялайды.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Адам сенім арқылы ғана құтқарылады ма әлде сенімге қоса игі істер жасау керек пе?
© Copyright Got Questions Ministries