settings icon
share icon
Сұрақ

Мен қалай Құдаймен татуласамын?

Qazaq

Жауап


Құдаймен қарым-қатынасымызды дұрыстау үшін біз алдымен осы қарым-қатынастың қандай себептен бұзылғанын түсінуіміз керек. Осы себеп - күнә. «Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да» (Забур жыр. 13:3). Біз бәріміз Құдайдың өсиеттерін бұзып, оған қарсы шықтық. «Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік» (Ишая 53:6).

«Күнәның жазасы - өлім» деген өте жаман жаңалық. Күнәкар адамның жағдайы жайлы Киелі жазбада не айтылғанын көрейік: «Жасаған жеркенішті күнәларының кесірінен ол ақырында сөзсіз өлтіріліп, кінәсі өз мойнында болады» (Езекиел 18:4). Алайда сүйіспеншілікке толы Құдай бізден бас тартпады және бізді құтқарудың жолын ойлап тапты деген жақсы хабар бар. Иса Өзінің мақсаты туралы былай деді: «...Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім» (Лұқа 19:10). Ал айқышта жан тапсырар алдында Ол Өзінің игі ісін тамамдағанын «Енді түгел орындалды!» деп жариялады (Жохан 19:30).

Сіз Құдаймен татуласуды күнәңызды мойындаудан бастауыңыз керек. Бұдан кейін Құдайдан күнәларыңыз үшін кішіпейілділікпен кешірім сұраңыз (Ишая 57:15) және күнәдан бас тартуға шешім қабылдаңыз. «Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсынан ақталып, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады» (Рим.хат 10:10).

Күнәларымызды мойындап, Құдайға тәубеге келген кезде біз осыны сеніммен істеуіміз керек. Демек Исаның біз үшін құрбан болып, ғажайып жолмен қайта тірілуі арқылы біздің Құтқарушымыз болуға толық құқықты екеніне сенуіміз керек. «Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегінде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың» (Рим. хат 10:9). Киелі кітаптағы көптеген үзінділерде сенімнің қажеттілігі туралы айтылады: Жохан 20:27, Елшілер. істері 16:31; Ғалат. хат.2:16; 3:11,26; Ефес.хат. 2:8.

Құдаймен татуласу - Оның біз үшін істеген игі ісіне қайтарған жауабымыз. Ол бізге Құтқарушыны жіберіп, біздің күнәларымызды Оның мойнына артты. Яғни Құдай Құтқарушы Иса Мәсіхті біз үшін құрбандыққа қиып (Жохан 1:29), бізге: «Ал Иемізге сиынған әркім құтқарылады» деп уәде берді (Елшілер. істері 2:21).

Күнәны мойындап, кешірім алудың мысалы адасқан ұл жайындағы астарлы әңгіме арқылы тамаша көрсетілген (Лұқа 15:11-32). Әкесінің кіші ұлы азғындық жолға түсіп, еншісін шашып, ысырап қылады (13 аят). Алайда өзінің күнә жасағанын түсінген кейін үйіне қайта оралады (18 аят). Ол өзінің істегендеріне бола ұл болып аталуға лайықсызбын деп есептеді (19 аят), алайда ол қателесті. Әкесі кезінде өзіне қарсы шыққан ұлын бұрынғыдай жақсы көрді (20 аят). Ол ұлын кешіріп, қуанғанынан тіпті той жасады (24 аят).

Құдай әрдайым сөзінде тұрады, сондай-ақ бізді кешіру жайындағы уәделерін де орындайды. «Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады. Жаны күйреп, күнәсына өкінгенді құтқарады» (Забур жыр. 33:19).

Егер Құдаймен татуласқыңыз келсе, төменде көрсетілгендей мінажат етіңіз. Алайда есіңізде болсын: сізді осы мінажат емес, Иса Мәсіхке деген сеніміңіз құтқарады. Ал мінажат ету арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді құтқарғаны үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз. «Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің тартатын жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымды мойындаймын және менің құтқарылу жолым жалғыз Сен ғана екеніне сенемін. Сенің маған төккен рақымыңа және бірген кешіріміңе рахмет! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Мен қалай Құдаймен татуласамын?
© Copyright Got Questions Ministries