Сұрақ
Мен өлгеннен кейін жұмаққа кіретініме қалай нық сенімде бола аламын?
Жауап
Сіз өзіңіздің мәңгілік өмірге ие болғаныңызды және өлгеннен кейін жұмаққа кіретініңізді анық білесіз бе? Құдай сіздің осы жағдай жайында нық сенімде болғаныңызды қалайды, сондықтан Киелі кітапта былай жазылған: «Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендіктен мәңгілік өмірге иесіңдер. Оған сенім артқан сендердің соны білулерің үшін бұларды жазып отырмын» (Жохан. 1-хаты 5:13). Дәл қазір Құдайдың алдында тұрғаныңызды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ол сізден: «Мен неге сені жұмаққа кіргізуім керек?» - деп сұрайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Тіпті қалай жауап беретініңізді білмейтін де шығарсыз... Сіз мынаны білуіңіз керек: Құдай бізді сүйеді және бізді құтқару үшін алдын ала арнайы жол дайындап қойған. Осының нәтижесінде біз мәңгілікті қайда өткізетінімізді анық біле аламыз. Осы жайында Киелі кітапта былай жазылған: «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады» (Жохан 3:16).
Ең алдымен біз адамның жұмаққа баруына не кедергі жасап тұрғанын түсінуіміз керек. Мәселе мынандай: біздің күнәкар болмысымыз Құдаймен қарым-қатынаста болуымызға кедергі келтіреді. Біз болмысымыз жағынан да, тандауымыз жағынан да күнәкармыз. Өйткені «бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды» (Рим. хат 3:23). Біз өзімізді құтқара алмаймыз. «Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл - өздеріңнің жетістіктерін емес, Құдайдан келген сый, сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын» (Ефес. хат 2:8-9). Біздің тартуға тиісті жазамыз - өлім мен тозақ: өйткені «Күнәның беретіні – (мәңгілік) өлім (Рим. хат 6:23).
Құдай киелі болғандықтан күнәны жазалауға тиіс. Алайда бізді сүйгендіктен Ол біздің күнәларымызды кешірудің жолын ойлап тапты. Иса былай деген: «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды» (Жохан 14:6). Иса біз үшін айқышта өлді: «Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола өмірін қиды...» (Петір. 1-хаты 3:18). «Иеміз Исаны Тәңір күнәмыздың құнын төлеу үшін құрбандыққа қиды және ақталғандығымызды дәлелдеу үшін қайта тірілтті» (Рим. хат 4:25).
Енді басында қойылған мына сұраққа оралайық: «Мен өлгеннен кейін жұмаққа кіретініме қалай нық сенімде бола аламын?». Бұл сұрақтың жалғыз дұрыс жауабы мынандай: «Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар!» (Елшілер. істері 16:31). «...Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті» (Жохан 1:12). Сіз мәңгілік өмірді ТЕГІН сый ретінде ала аласыз: «Құдайдың беретін сыйы – Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір (Рим. хат 6:23). Сізге қазірден бастап игілікті әрі мағыналы өмір сүре бастауға болады. Иса былай деген: «...Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім» (Жохан 10:10). Сіз жұмақта Исамен бірге мәңгілік өмір сүре аласыз, өйткені Оның Өзі былай уәде берген: «Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін» (Жохан 14:3).
Егер Иса Мәсіхті өзіңіздің Құтқарушыңыз деп қабылдап, Құдайдан кешірім алғыңыз келсе, төменде көрсетілгендей мінажат етіңіз. Алайда есіңізде болсын: сізді осы мінажат емес, Иса Мәсіхке деген сеніміңіз құтқарады. Яғни сіз Иса Мәсіхке деген сеніміңіз арқылы ғана күнәларыңыз үшін кешірім аласыз! Ал мінажат ету арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді кешіргені үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз. «Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымнан бас тартып, құтқарылу үшін Саған сенімімді артамын. Сенің маған төккен керемет рақымың мен бірген кешірімің үшін Саған алғыс айтамын! Аумин!»
Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.
English
Мен өлгеннен кейін жұмаққа кіретініме қалай нық сенімде бола аламын?