settings icon
share icon
Сұрақ

Бөтен тілдерде сөйлеу дарыны деген не? Бөтен тілдерде сөйлеу дарыны қазіргі заманда қажет пе?

Qazaq

Жауап


Сенушер алғашқы рет бөтен тілдерде Елуінші күн мейрамында сөйледі. Осы оқиға Елшілер. істері 2:1-4 аяттарында сипатталған. Елшілер бірге жиналып, халыққа әр түрлі ұлттың тілдерінде сөйледі. Сол кезде адамдар қатты таңғалып: «Әрқайсымыз сол кісілердің өз тілдерімізде Құдайдың ұлы істерін жариялап жатқанын естіп тұрмыз!» - деді (Елшілер. істері 2:11). Грек тілінде де «тіл» деген сөздің екі мағынасы бар. Бөтен тілде сөйлеу дарыны бар сенуші өзі білмеген тілде сөйлеп басқа адамдарға қызмет ете алады. Қорынт. 1-хат 12-14 тарауларында Пауыл Құдайдың қауымға сыйлаған керемет дарындарын талдағанда былай дейді: «Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не Құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге менен қандай пайда?» (Қорынт. 1-хат 14:6). Елшілердің істері кітабы мен Пауылдың осы хатындағы пайымдауларға қарағанда бөтен тілде сөйлеу дарыны Құдайдың хабарын естіген адамға ғана пайдалы болады. Ал Құдайдың хабары басқа адамдардың тілдеріне аударылмаса (немесе түсіндірілмесе), онда осы дарынның еш пайдасы жоқ болады.

Бөтен тілде айтылғанды түсіндіре алатын адам (Қорынт. 1-хат 12:30) сөйлеп тұрған адамның тілін білмесе де, оның айтқанын түсіне алады. Яғни бөтен тілде айтылғанды түсіндіре алатын адам өзі естіген хабарды адамдардың барлығына жеткізеді. «Сол себепті бөтен тілде сөйлейтін адам соны түсіндіретін дарынды да Құдайдан сұрасын!» (Қорынт. 1-хат 14:13). Ал бөтен тілде хабар айтылып, оны ешкім түсіндірмеген жағдайда Пауыл осы жайлы қатаң ескерту жасайды: «Алайда мен қауымның алдында бөтен тілде он мың сөз айтқанша, санамен тәлім беретін бес сөз айтуды қалаймын» (Қорынт. хат 1-хат 14:19)

Бөтен тілдерде сөйлеу дарыны қазіргі заманда қажет пе? Қорынт. 1-хат 13:8 аятында «бөтен тілдер сарқылар» деп айтылған, алайда осы сөйлем 13:10 аятындағы «жетілгендік келген кезде» деген сөздермен байланыстырылады. Кейбір адамдар «Құдайдың хабарын жеткізу тоқталар» мен «білім дарыны тоқталар» деген сөздерге жүгініп, бөтен тілдердің «жетілгендік» келген кезге дейін бар болатынына сенеді. Осы болуы мүмкін жағдай, алайда мәтінде осы жайлы нақты айтылмаған. Кейбір адамдар Ишая 28:11 мен Жоел 2:28-29 сияқты үзінділерге жүгініп, бөтен тілдер Құдайдың сотында қолданылмақ деп санайды. Қорынт. 1-хат 14:22 аятында: «Сонымен, бөтен тілде сөйлеу сенушілерге емес, сенбейтіндерге Құдайдың құдіретін көрсетеді» деп айтылған. Осы пайымдауға жүгінсек, Құдай Исраилді Иса Мәсіхтен бас тарқаны үшін жазаламақ болып, еврейлерге ескерту жасап тұрған сияқты. Сондықтан Құдай Исраилді шынымен жазалағаннан кейін (римдіктер біздің заманымыздың 70 жылы Иерусалимді қиратты) бөтен тілдерде сөйлеу дарыны өзінің арнайы мақсатын бұдан былай атқармайтын болды. Дегенмен Киелі жазбада бөтен тілдерде сөйлеу мүлдем тоқталды деген қорытынды жоқ.

Егер бөтен тілде сөйлеу дарыны бүгінгі қауымдарда белсенді пайдаланғанда осы дарынды пайдалану жол Киелі жазбаға сай болатын еді. Демек осы дарынға ие болғандар кәдімгі әрі шынайы тілдерде сөйлейтін еді (Қорынт. 1-хат 14:10). Бір адам басқа тілде сөйлейтін адамға Құдайдың сөзін жеткізетін еді (Елшілер. істері 2:6-12). Яғни осы дарынды қолдану әдісі Құдайдың Пауыл елші арқылы берген бұйрығына сай болар еді: «Бөтен тілде сөйлейтіндер болса, екеуі, көп дегенде үшеуі ғана және бірінен соң бірі сөйлеп, айтқандарын біреу түсіндірсін; егер түсіндіретін ешкім болмаса, онда олар қауымда үндемей, іштей ғана Құдайға арнап сөйлесін!» (Қорынт. 1-хат 14:27-28). Сонымен бірге осы қызмет Қорынт. 1-хат 14:33 аятындағы шындықпен үйлесетін еді: «Себебі Құдай тәртіпсіздікті емес, тыныштық пен татулықты қалайды. Құдай халқының барлық қауымдарындағы әдет осындай».

Құдай адамға басқа тілде сөйлеуге қабілет бере алады. Рухани дарындардың барлығы Киелі Рухтың қолында (Қорынт. 1-хат 12:11). Мына жағдайды көз алдыңызға елестетіңізші: Ізгі хабар тарататын елшілер тіл үйрену мектептеріне бармай-ақ бір сәтте басқа тілдерде сөйлеп кететін болса, қандай жақсы болар еді! Алайда Құдай осыған жол бермей тұрған сияқты. Қазіргі замандағы бөтен тілде сөйлеу Жаңа келісімде сипатталған жағдайға ұқсамайды (ұқсаған болса оның пайдасы өте үлкен бола еді). Бөтен тілде сөйлеймін деп айтатын сенушілердің көбісі осыны Киелі жазбадағы сипаттамаларға сай істеп жүрген жоқ. Осыдан біраз түсінбеушіліктер туындайды. Бөтен тілде сөйлеу дарыны мүлдем жойылды ма әлде Құдай қазіргі қауымдарда оны сирек қолданады ма?

Бөтен тілде сөйлеуді сенімді нығайтуға арналған «мінажат тілі» деп есептейтіндер Қорынт. 1-хат 14:4 пен 14:28 аяттарына жүгінеді: «Кім бөтен тілде сөйлесе, сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса, сол қауымды нығайтады». 14-тарауда Пауыл бөтен тілде айтылғанның барлығының түсіндірілуін (аударылуын) талап етеді, 14:5-12 аяттарын қараңыз. Пауылдың 4-аяттағы сөздерін басқаша былай айтуға болады: «Егер сен бөтен тілде сөйлеген кезде айтқаныңды аудартқызбасаң, онда бұл сенің өз сеніміңді ғана нығайтып, басқалардан «рухани мықтырақ» болып көрінгің келетініңді білдіреді.Ал айтқаныңды аудартқызсаң, онда барлығының сенімін нығайтасың». Жаңа келісімнің еш жерінде «бөтен тілде мінажат ету» жайлы нұсқаулар берілмейді. Осы жайлы тағы бір айтатын жайт: егер «бөтен тілде мінажат ету» сенімді нығайтатын дарын болса, осы дарыны жоқтар өз сенімдерін қалай нығайтпақшы? Осы әділ емес жағдай сияқты. Қорынт. 1-хат 12:29-30 аяттарында бөтен тілде сөйлеу дарынының сенушілердің бәрінде бар болмайтыны анық айтылған.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Бөтен тілдерде сөйлеу дарыны деген не? Бөтен тілдерде сөйлеу дарыны қазіргі заманда қажет пе?
© Copyright Got Questions Ministries