settings icon
share icon
Сұрақ

Құдай шынымен бар ма? Мен Құдайдың шынымен бар екеніне қалай сенімді бола аламын?

Qazaq

Жауап


Біз Құдайдың шынымен бар екенін білеміз, өйткені Ол Өзін бізге үш жолмен, яғни Өзінің жаратылысы, Сөзі және Иса Мәсіх арқылы көрсетті.

Құдайдың бар екені жайлы дәлелдердің біріншісі - Оның жаратылысы. «Өйткені Тәңірдің көзге көрінбейтін қасиеттері – Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап, түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды» (Рим. хат 1:20). «Құдайдың салтанатты ұлылығын аспан әлемі ашық паш етеді, Оның қолының керемет істерін ауа кеңістігі де көрсетеді» (Забур жыр. 18:1).

Егер мен өрісте қол сағат тауып алсам мен оның өзі өзінен пайда болды немесе бұрыннан бері бар болған деп ойламаймын ғой. Оның дизайнына қарап, оны біреу арнайы жасаған деп пайымдаймын. Алайда мен осы әлемге қараған кезде оның дизайнының әлдеқайда күрделі екенін көремін. Негізінде уақыт сағат бойынша емес, Құдайдың жаратылысы – Жер шарының айналғаны бойынша саналады (сонымен бірге цезийдің радиактивтік құны – 133 атом). Бүкіл әлемнің құрылымы керемет, сондықтан осының бәрі Ұлы Сәулетшінің бар екеніне меңзейді.

Егер мен құпия тілмен жазылған жолдама алсам, онда оны криптографер (құпия тілде жазылған хаттардың кодын ашуға арналған құрал) арқылы оқуға тырысар едім. Мен осы жолдаманы бір ақылды тұлға жіберді деп пайымдаймын. Ал біздің денеміздегі әр клетканың ДНК-сы ше? Әр клетка ерекше әрі күрделі ғой! ДНК кодының күрделігі мен оның атқаратын мақсаты да бір Ақылды Дизайнердің бар екеніне меңзеймейді ме?

Құдай осы физикалық дүниені ғана жаратқан жоқ, сонымен бірге «Ол адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты» (Уағыздаушы 3:11). Демек адам баласы осы дүниеден тыс және көзге көрінбейтін басқа өмірдің немесе әлемнің бар екенін сезеді. Осы мәңгілікті сезетін түйсіктің нәтижесінде адамдар өздеріне дәстүрлер, заңдар шығарып, бірдеңеге табынуға ұмтылады.

Әр өркениеттің тарихынан мынандай таңғаларлық жағдайды көруге болады: халықтардың әдептілік (мораль) жайлы заңдары мен ережелері үнемі бірдей бола береді екен. Мысалы адамзат мінсіз (идеалдық) сүйіспеншілікті әрқашан жоғары бағалайды, ал өтірік айтуды жақтырмайды. Жақсылық пен жамандық туралы осы түсінікті де адамзатқа Әдептілігі Аса Жоғары Тұлға берген, өйткені бұл жағдай да Құдайға меңзеп тұр.

Осы әлемнің барлық халықтары өздеріне табыну жүйелерін қалыптастырып алды. Халықтар әр түрлі нәрселерге табынғанымен адамдардың барлығына ортақ түсінік: «жоғары» немесе «табиғаттан тыс» күштерге сиыну. Құдай бізді рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқандықтан біздің сиынуға деген ұмтылымыз табиғи нәрсе болып табылады (Жаратылыс. баст. 1:27).

Сонымен бірге Құдай Өзін бізге Оның сөзі, яғни Киелі кітап арқылы көрсетті. Құдайдың бар екенін Киелі кітапта дәлелденген ақиқат болып көрсетіледі (Жаратылыс. баст. 1:1; Мысыр. шығу 3:14). Бенджамин Франклин өзінің өмірбаянын жазған кезде өзінің шынымен бар болғанын дәлелдемекші болып уақытын бекер кетірген жоқ. Құдай да Өзінің шынымен бар болғанын Киелі кітапта дәлелдеуге тырыспайды. Киелі кітаптың ғұмырды өзгертер құдіреті, үйлесімдігі мен кереметтері біздің оған мұқият назар аударуымызды талап етеді.

Құдай Өзін бізге Өзінің Ұлы Иса Мәсіх арқылы да көрсетеді (Жохан 14:6-11). «Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді... Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді» (Жохан 1:1,14). «Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады» (Қолос. хат 2:9).

Исаның керемет өмірі арқылы Құдай Көне келісімнің заңын мүлтіксіз орындап, Мәсіх туралы айтылған пайғамбарлық сөздердің барлығын іске асырды (Матай 5:17). Иса көптеген қайырымды істер мен кереметтер жасап, солар арқылы Өзі әкелген хабардың шындық екенін және Өзінің Құдай екенін дәлелдеді (Жохан 21:24-25). Исаның үш күннен кейін тірілгеніне жүздеген адамдар куә болды (Қорынт. 1-хат 15:6). Исаның шынымен Кім екенін көптеген тарихи деректер де делелдейді. Елші Пауыл: «Осы жайттардың ешқайсысы… тасада өткен жоқ» - деген (Елшілер. істері 26:26).

Алайда Құдайдың бар екеніне күмәнданатын немесе Құдай жайлы өзінше ойлатын адамдар жоқ емес. Олар жаңағы дәлелдердің ешқайсысын елемейді. Мұндай адамдарға қанша дәлелдер келтірілсе де, олар сенбеуші болып қала бермекші (Забур жыр. 13:1). Демек барлығы сенімге келіп тіреледі (Еврей. хат 11:6).

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Құдай шынымен бар ма? Мен Құдайдың шынымен бар екеніне қалай сенімді бола аламын?
© Copyright Got Questions Ministries