settings icon
share icon
Сұрақ

Мен Құдайдың өз өміріме деген еркін қалай біле аламын? Киелі кітап Құдайдың еркін білу туралы не айтады?

Qazaq

Жауап


Бір арнайы жағдай жайлы Құдайдың еркін білу үшін мына екі нәрсеге көңіл аударып, жүрегіңізді тексеріңіз: (1) Сіздің Құдайдан сұраған нәрсеңіз немесе істемекші болған ісіңіз Киелі кітапқа қайшы келмеу керек, яғни Киелі кітап тиім салған нәрсе болмау керек; (2) Сіздің сұраған нәрсеңіз немесе істемекші болған ісіңіз Құдайдың атын мадақтап, сіздің рухани өсуіңізге пайдалы болу керек. Егер осы екі ережені орындаған жағдайда да Құдай сізге сұрағаныңызды бірмесе, онда сұрағаныңыз Оның еркіне сай емес болар. Немесе бәлкім сізге сұрағаныңызды көбірек күту керек шығар. Кейбір кезде Құдайдың еркін білу өте қиын. Адамдар өздерінің қайда тұру, қайда жұмыс істеу, кіммен неке құру керек екенін және басқа да нәрселерді қалай істеу керек екенін анық білгісі келгендіктен олар Құдайдың өздеріне осының бәрін анық айтқанын қалайды. Рим. хат 12:2 аятта былай айтылған: «Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін – ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар».

Құдай нақты мәліметті адамдарға өте сирек береді. Құдай бізге осындай нәрселер жайлы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Алайда Құдай біздің мына екі нәрсені істегенімізді қаламайды: күнә жасау немесе Оның еркіне қарсы шығу. Құдай біздің шешімдеріміздің Оның еркіне сай болғанын қалайды. Ал сіз Оның өзіңізге деген еркін қалай біле аласыз? Егер сіз Құдаймен тығыз байланыста болып, Оның еркін шын жүрекпен аңсасаңыз, Ол сіздің жүрегіңізді Өз қалауларымен толтырады. Ең бастысы: сіз өз еркіңізді емес, Құдайдың еркін қалауыңыз керек. «Жаратқан Иеден тап рақатыңды, Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды» (Забур жыр. 36:4). Демек егер сіздің ойыңыз Киелі кітапқа қайшы келмесе және істейтін ісіңіз сізге рухани жағынан пайдалы болса, онда бұл - Құдайдың сөзі сізге өз жүрегіңіздің қалауыңыз бойынша шешім қабылдауға рұқсат беріп тұр деген сөз.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Мен Құдайдың өз өміріме деген еркін қалай біле аламын? Киелі кітап Құдайдың еркін білу туралы не айтады?
© Copyright Got Questions Ministries