Сұрақ
Жануарлар көкке барады ма? Жануарлардың жаны бар ма?
Жауап
Киелі кітапта жануарлардың жаны бар немесе жоқ екені және олардың көкке баратыны не бармайтыны жайлы ешқандай арнайы пайымдау жоқ. Дегенмен біз Киелі кітаптағы негізгі шындықтарға қарап, олардан осы тақырып жайында қажетті мәліметті таба аламыз. Құдайдың сөзінен біз адамда да (Жаратылыс. баст. 2:7), жануарда да (Жаратылыс. баст. 1:30; 6:17: 7:15,22) тіршілік лебінің бар екенін білеміз. Адам мен жануардың арасындағы ең бірінші айырмашылық мынау: адам рухани жағынан Құдайға ұқсас болып жаратылды (Жаратылыс. баст.1:26-27). Жануарлар рухани жағынан Құдайға ұқсас емес. Адамның рухани жағынан Құдайға ұқсас болуы оның бойында мынандай қасиеттердің бар болғанын білдіреді: ой-сана, сезімдер, ерік және жанның өлімнен кейін сақталатыны. Жануарлардың бойында да «жан» немесе әйтеуір бір тәндік емес аспект бар, алайда осы жанның «сапасы» өзгеше. Яғни жануардың жаны өлімнен кейін сақталмайтын шығар.
Осы тақырыпта тағы бір ойланатындай жайт бар. Құдай жануарларды да Өзінің жаратылысының бір бөлігі ретінде жаратты. Құдай оларды жаратқаннан кейін олардың «жақсы екенін көрді» (Жаратылыс. баст. 1:25). Сондықтан біз «жаңа жерде» жануарлар жоқ болады деп пайымдай алмаймыз (Аян 21:1). Ал мыңжылдық патшалық кезінде жануарлар анық бар болатын сияқты (Ишая 11:6; 65:25). Біздің үйде ұстаған жануарларымыздың сол кезде болатынын не болмайтынын ешкім айта алмайды. Дегенмен біз Құдайдың адал екенін білеміз, сондықтан жұмаққа түскеннен кейін біз Оның (қандай болса да) қабылдаған әділ шешіміне риза болмақпыз.
English
Жануарлар көкке барады ма? Жануарлардың жаны бар ма?