settings icon
share icon
Сұрақ

Киелі кітап денеге инемен таңба (татуировка) салу және терісті тесіп денеге әр түрлі нәрселерді түйреу жайлы не айтады?

Qazaq

Жауап


Көне келісімің заңында исраилдіктерге: «Әрі денелеріңе жарақат не инемен таңба салмаңдар! Mен Жаратқан Иемін» - деген бұйрық берілген (Леуілік. 19:28). Сенушілер қазіргі заманда Көне келісімнің заңынан азат болғанымен (Рим. хат 10:4; Ғалат. хат 3:23-25; Ефес. хат 2:15) біз денеге инемен таңба салуға тыйым салған осы бұйрық жайлы әлі де ойлануымыз керек. Жаңа келісімде осы жағдай туралы ештеңе айтылмаған.

Денеге инемен таңба салу мен денеге әр түрлі нәрселерді түйреу жайлы осы сұрақты бір жақсы сынақтан өткізейік. Біз осы әрекет үшін Құдайдан бата сұрап, оны Құдайдың қызметіне қолдана аламыз ба? «Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!» (Қорынт. 1-хат 10:31). Яғни Киелі кітап бізге инемен таңба салуға және денеге әр түрлі нәрселерді түйреуге тыйым салмайды, алайда «Құдай бізге осы нәрселерді істеуді бұйырған» деген пайымдауды да бермейді.

Осы жайт туралы ойлануымыздың тағы бір себебі - әдептілік. Киелі кітап бізге әдеппен, яғни қарапайымдылықпен және сыпайылықпен киінуді бұйырады (Тімоте. 1-хат 2:9). Яғни денеміз дұрыс киіммен жамылу керек. Әдептіліктің басты негізі мынандай: адам басқалардың өзіне шектен тыс назар аударуына жол бермеу керек. Ал жаңағы айтылған таңбалар мен денеге түйрелген әр түрлі бұйымдар басқа адамдардың көздеріне тез түседі, сондықтан оларды әдепті нәрселердің қатарына жатқызуға болмайды.

Киелі жазбада бір арнайы нәрсе туралы ештеңе айтылмауы мүмкін, алайда адам осындай нәрсе жайлы «бұл Құдайға ұнамайтын болар» деп күдіктенсе, онда оның осы нәрсені істемегені дұрыс. «Адамның дұрыс екендігіне күмәны бола тұра істеген істерінің бәрі де күнә» (Рим. хат 14:23). Құдай біздің денелеріміз без жандарымызды өтеп алған, сондықтан олар енді Онікі. Біз осыны есімізде сақтауымыз керек. Қорынт. 1-хат 6:19-20 аяттары денеге инемен таңба салу мен денеге әр түрлі нәрселерді түйреу жайлы нақты айтпағанымен әлі де бізге маңызды ережелер береді: «Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алады. Енді өз меншіктерің емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәның құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!» Біз өз денелерімізбен не істейтініміз және қайда баратынымыз жайлы ойланғанда осы шындыққа сүйенуіміз керек. Біздің денелеріміз Құдайдікі, сондықтан Жаратушыдан рұқсат алмайынша денемізге таңба салуға немесе әр түрлі нәрсе түйреуге біздің еш қақымыз жоқ.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Киелі кітап денеге инемен таңба (татуировка) салу және терісті тесіп денеге әр түрлі нәрселерді түйреу жайлы не айтады?
© Copyright Got Questions Ministries